ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2023 | 12:18
Жел, көктайғақ, жаңбыр: Қазақстанда күн күрт суытады
Синоптиктер 24-26 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 24-26 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, терең және белсенді солтүстік циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындағанын еске салады. Жел, көктайғақ құбылыстары, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын бар ауа-райының тұрақсыз сипаты кезең ішінде сақталады.
"Барикалық түзілімдердің тез өзгеруі республика бойынша температуралық фонның қысқа мерзімді көтерілуіне әкеледі, алайда кезеңнің соңында Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының енуі елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында күннің салқындауына әкеледі. Мәселен, республиканың батысында түнде температура 6 аязға дейін төмендейді - 3 жылы, солтүстік-батыста 0-7 аязға дейін, елдің солтүстігінде 5 аяз - 5 жылы күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также