15 маусым 2020 09:35

Желі қолданушылары Бурабайда қоқыс тастайтындарды сөкті

© facebook.com/juliya.sinchuk

Әлеуметтік желіде Бурабайдағы жағажайда демалушылар тастап кеткен үлкен қоқыс үйіндісі қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Бурабайдағы жағажайда демалушылар тастап кеткен үлкен қоқыс үйіндісі қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жағажайдағы суреттер мен видеоны Юлия Синчук есімді Facebook қолданушысы парақшасына жүктеген. 

Реклама
Реклама

"Мен мұндай Бурабайды бұрын-соңды көрмеппін. Таңғалып отырмын", - дейді ол. 

Желі қолданушылары қоқыстың көп жиналуына өткен демалыста келушілер саны көп болуы себеп болғанын және қоқыс өте сирек шығарылатынын жазған. Нәтижесінде жағажай маңында пакет, пластик, жәшіктер көптеп жиналып қалған. 

© facebook.com/juliya.sinchuk

Еске салайық, Бурабайдағы туристік кезең 1 маусымда ашылған. Жағажайларға санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілген.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram