24 мамыр 2021 | 12:49

Желі қолданушылары үйге ұры түсуіне түрткі болады - ІІМ

Кейбір қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы үйге ұры түсуіне себепкер болады. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Негізінен әлеуметтік желілерді пайдаланатын адамдар кейде ұрылардың өз пәтеріне келуіне түрткі болады. Өйткені олар тұрғын үйдің орналасқан жерін, қалай тұратынын, қандай көліктермен жүретінін белсенді түрде жариялап жатады", - деді ІІМ өкілі онлайн-брифингте.

Нұрмағамбетовтың айтуынша, қазақстандықтар қала сыртында немесе курортта отырғаны туралы жазба немесе видео жиі жариялайды және отырған жерін көрсетеді. Бұл жағдайда пәтерлер көбінесе қараусыз қалады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram