ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2022 | 10:11
Желі қолданушыларын ауа райын өзгертуге арналған патент таңғалдырды
Желі қолданушылары белгілі бір аймақты қыздыру арқылы ауа райының өзгеру технологиясын сипаттайтын патентті тапқан. Кейбірінің пікірінше, мұндай технологиялар 1987 жылы болса, қазіргі кезде ауқымды аумақтарда климатты бақылауға мүмкіндік беретін құрылғылар бар болуы мүмкін. Бұл олай емес. Неге екенін StopFake түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желі қолданушылары белгілі бір аймақты қыздыру арқылы ауа райының өзгеру технологиясын сипаттайтын патентті тапқан. Кейбірінің пікірінше, мұндай технологиялар 1987 жылы болса, қазіргі кезде ауқымды аумақтарда климатты бақылауға мүмкіндік беретін құрылғылар бар болуы мүмкін. Бұл олай емес. Неге екенін StopFake түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл патент шынымен де бар. Оның толық мәтіні баршаға қолжетімді және онымен кез келген адам таныса алады. Патент сипаттамасында электрон циклотронды резонанс қыздыру арқылы ионосферадағы зарядталған бөлшектердің тығыздығын арттыру технологиясы туралы айтылған. Өнертабыс сипаттамасы мәтінінде климатты бақылау және ауа райының өзгеруі туралы сөз жоқ. Онда өнертабысты байланыстарды басқару, зымырандарды анықтау және жою үшін қолдануға болады делінген.
Ауа райының өзгеруі туралы New York Times газетінің 1987 жылғы 15 тамыздағы санында шыққан патенттің мәні сипатталған мақалада жазылған. Материалда өнертабысты қолдану аясы өте кең және ауа райының өзгеруі мен зымырандардың жойылуын қамтиды делінген.
Алайда, бұл да Жер бетінде ауа райын 1987 жылдан бері бақылайтынын дәлелдемейді. Шын мәнінде, патентте сипатталған өнертабыс іске асырылған жоқ, ал 2006 жылы патенттің қолданылу мерзімі ұзарту мүмкіндігінсіз аяқталған.
Ауа райын өзгерту әдістеріне келетін болсақ, ондай әдістер бар, бірақ қысқа мерзімді және шамалы өзгерістер үшін ғана жарамды. Мысалы, ірі орман және дала өрттері кезінде бұлттарда йод күмісін шашады, бұл жауын-шашынның болуына әкеледі, деп жазды портал.
Сондай-ақ, бұлттарды қуу технологиясы бар. Нақты бір күні белгілі бір жерде ауа райы ашық болуы үшін бұлттарға цемент шашады.
Мұндай технологиялар үлкен аумақтарда климатты бақылауға мүмкіндік бермейтіні анық. Соған қарамастан, олардың көмегімен құрғақшылықпен немесе керісінше, аса қажет болған жағдайда нөсермен күресуге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также