Желі қолданушыларын тоңазытқышты тасудың ерекше жолын тапқандар күлдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақтөбеде тоңазытқышты тасымалдаудың ерекше жолын тапқандар видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде тоңазытқышты тасымалдаудың ерекше жолын тапқандар видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоға қарағанда, ақтөбелік екі тұрғын Lada Priora автокөлігінің жүк салғышына тұрмыстық техниканы сыйдыра алмаған көрінеді. Алайда оларды бұл жағдай тоқтатпаған: олар тоңазытқыштың бір жағын көліктің жүк салғышына қойып, ал екінші жағын тағы біреуі көтеріп жүрген.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырған. Көпшілігі тоңазытқыштың бір жағын көтеріп жүрген ер адамды, "нағыз дос" екен деп әзілдеген. 

Реклама
Реклама

"Егер достық болса, тек осындай болсын!", "Бәріңізге мына жігіттің омыртқасы сияқты берік достық тілеймін!" - деп жазылған пікірлерде.

Ақтөбе облысының поиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірген. Олар жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелмегенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама