05 мамыр 2023 | 09:09

Жел, шаңды дауыл, тұман: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер Қазақстандағы 5 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстандағы 5 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауқымды антициклон ықпалынан республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында фронтальды белсенділіктің өтуімен күн күркіреп, кейде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батысты тұман басады.

Реклама
Реклама

"Түнде Алматы, Жетісу облыстарында, Ұлытаудың шығысында, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, Ақтөбенің солтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік-шығысында, топырақ бетінде 1-6 градус аяз болады", - делінген хабарламада.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28, таулы аймақтарда 30 м/с және одан да көп күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде 0,-2 градус, күндіз +20+22 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,+2 градус, топырақ бетінде -1-3 градус аяз, күндіз +12+14 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші секундына 8-13, 15-20, күндіз 25 метр болады. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +21+23 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная