Желіде 1 қыркүйекте локдаун жарияланады деген фейк тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Telegram-да "1 қыркүйекте Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, локдаун жарияланатыны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Telegram-да "1 қыркүйекте Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, локдаун жарияланатыны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

"Бүгінде көріп отырғанымыздай, коронавируспен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантин шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная