Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгер басылым редакциясына жолдаған. Суреттерден пәтер, подъез қанға боялғаны көруге болады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, сенбі 27-шағынаудандағы №46 үйде жарылыс болғаны хабарланған еді. Тұрғындардың айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінен қатты дыбыс шыққан.

Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған. Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама