Желіде Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылады деген ақпарат тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
lada.kz

Қазақстандық сауда сайттарының бірінде Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылатыны туралы хабарландыру жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық сауда сайттарының бірінде Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылатыны туралы хабарландыру жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтаудағы Каспий теңізі жағалауындағы жер учаскесін сату туралы хабарландырудың скриншотын блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Сатылады. Саудаласамыз. Вилла, бизнес орталық, жоғары санатты қонақүй кешенін салғыңыз келе ме? Бізде теңіз жағасында орналасқан тамаша жер телімі бар. Кіруге, шығуға ынғайлы, барлық құжаттары бар. Кез келген уақытта қоңырау шалыңыз, көрсетуге дайынмын", - делінген сайтта жарияланған хабарландыруда.

Реклама
Реклама

Ақтау әкімдігі бұл жер учаскесі жекеменшік екенін, бірақ сайтта жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

"4А шағынауданында ("Карвон" мейрамханасының жанында) орналасқан жер учаскесі 2007 жылы жеке тұлғаның атына ресімделген. 2020 жыл 5 шілдедегі сатып алу-сату шартына сәйкес жекеменшік құқығында. Ақтаудың бас жоспарына сәйкес аталған жер учаскесі спорт мекемесінің аумағы ретінде қарастырылған. Бұл аумаққа спорттық-сауықтыру орталығын салу көзделген. Осыған байланысты нысаналы мақсатты өзгерту мүмкін емес", - деп хабарлады әкімдік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная