Желіде Ақтөбе облысы әкімдігін басып алу сәтінің видеосы пайда болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Желіде Ақтөбе облысы әкімдігін басып алу сәтінің видеосы пайда болды Видеодан алынған кадр

Тәртіпсіздік кезінде Ақтөбе облысы әкімдігін басып алу сәті түсірілген видеоны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция 5 қаңтардағы митинг кезінде лаңкестер Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын басып алғанын айтты.

"Наразылық білдірушілер бірнеше кеңсені қиратты, тұрмыстық техника бүлініп, ұрланды және т.б. Кадрдан жиналғандардың жиһаздарды, әйнектерді сындырғанын көруге болады", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Ақтөбе облысының әкімдігі әкімшілік ғимаратқа жасалған шабуылдан келген шығынның жалпы сомасы шамамен 300 миллион теңгені құрағанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама