Желіде ауыз су уланған деген қауесет тарап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: stopfake.kz

Қазнет қолданушылары елде ауыз су, оның ішінде бөтелкедегі су уланған деген ақпаратты тағы да таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазнет қолданушылары елде ауыз су, оның ішінде бөтелкедегі су уланған деген ақпаратты тағы да таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Дыбыстық хабарлама авторы судағы у туралы құпия ақпаратты таныс вирусологтан естігенін, сондай-ақ еліміздің ауруханаларында уланудан зардап шеккен балаларға қосымша орындар мен бокстар дайындалғанын айтады.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

"Бұл жалған ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда", - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстан қалаларында кеңінен тараған болатын. Басылым мәліметінше, осыған ұқсас жалған ақпарат биыл сәуірде де шыққан. Өз кезегінде ол да жалған ақпарат екені дәлелденген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама