30 қыркүйек 2019 | 15:59

Желіде Бағдат Мәнізоровтың үйінде тәркіленген ақша деп тарап кеткен видео қызу талқыға түсті

Видео кадры

Желіде Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйінде тәркіленген ақша деп тарап кеткен видео қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйінде тәркіленген ақша деп тарап кеткен видео қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жедел қызмет өкілдерінің тінту жүргізіп жатқан видеосы мессенджерлер мен Желіде тарап кеткен. Видео кадрында жол және спорттық сөмке, пакет және жәшікте бумаланып жатқан ақшалар көрсетілген. Жәшіктердің бірінде 100 долларлық ақшалар бумасымен жатыр. 

Реклама
Реклама

Желіде видео Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйін тінту барысында түсірілген деп таралған. 26 қыркүйекте экс-орынбасардың ұсталғаны туралы хабарланған. 

Бірақ видеоның экс-орынбасарға қатысы жоқ екені анықталған. Видео Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің полковнигі Кирилл Черкалиннің ісіне қатысты түсірілген. Роликті ресейлік басылым пара алып ұсталған полковниктің үйін тінту барысында түсіргенін ескерткен. 

Черкалинді 2019 жылдың сәуірінде тұтқындаған. Оны 850 мың доллар көлемінде пара алды деп айыптаған. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Бағдат Мәнізоровтың нақты не үшін айыпталып отырғаны белгісіз. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная