09 қыркүйек 2021 | 15:43

Желіде балаларды алдап вакциналау туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстандықтар алаяқтық жолмен мектеп оқушыларын вакциналау туралы тағы бір фейк таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар алаяқтық жолмен мектеп оқушыларын вакциналау туралы тағы бір фейк таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, қазақстандық ата-аналар оқушылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысып, оған қол қойып жатқанына алаңдаулы. Ережемен танысу дерегін растап, журналға қол қою бала үшін қауіпті болуы мүмкін. Олардың айтуынша, балаға коронаврусқа қарсы вакцинацияға келісім қағазы берілуі мүмкін.

Қазақстан Білім және ғылым министрлігі ата-ана алаңдаушылығына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқанын растайтын қолтаңбаны оқушылар жеке бланкіге емес, арнайы журналға қояды. Сонымен қатар, нұсқаулықпен таныстыру оқушылар құқығынн бұзу болып саналмайды.

Реклама
Реклама

"Нұсқаулық өткізу туралы міндетті түрде кіріспе тіркеу журналына жазылады. Әрбір нұсқаулық кезінде журналды толтыру міндетті саналады. Бұл ретте журналдағы жазбаларда нұсқаушы мен білім алушылар туралы ақпарат, нұсқаулық өткізу күні мен тақырыбы және нұсқаушы мен оқушылар қолы қойылған болуы тиіс. Журналдағы ақпарат ата-ана құқығын бұзбайды, өйткені оқушының қолы оның әртүрлі жағдайда қауіпсіз әрекет ету шараларымен таныс екенін растайды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығына сәйкес көрсетіледі. Осы бұйрықтың 18-тармағына сәйкес мектеп жоспарлы түрде профилактикалық тексерулер, вакцинация немесе басқа да медициналық қызметтер көрсету кезінде жазбаша ақпараттандырылған келісім алуға немесе медициналық араласудан бас тартуға көмек көрсете алады. Мұндай құжатқа кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі қол қоюы керек, делінген хабарламада.

Қорыта айтқанда, мектептерде коронавирусқа қарсы вакциналау келісімі бланкін кіріспе нұсқаулықты тіркеу журналы деп беріп, балаларды егілуге рұқсат беруге мәжбүрлемейді. Біріншіден, мұндай әрекеттер заңсыз, екіншіден, журнал медициналық процедураларды жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанынан мүлдем өзгеше.

Айта кетейік, бұған дейін Қазнетте оқушылардың ата-анасына диаскинтест және тұмауға қарсы екпе саламыз деген жолмен алдап қол қойдырып алып, коронавирусқа қарсы екпені салуға мәжбүрлейді деген ақпарат тарағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная