16 қазан 2022 14:30

Желіде болашақ ЖҚАЖ жауынгерлерінің жаттығуы түсірілген видео пайда болды

Видеодан алынған кадр

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында болашақ ЖҚАЖ жауынгерлері дайындықтан қалай өтетіні көрсетілген видеоны бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында болашақ ЖҚАЖ жауынгерлері дайындықтан қалай өтетіні көрсетілген видеоны бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода ҚР ІІМ Алматы академиясының алғашқы кәсіби даярлығының студенттері. Олар тауда 45 шақырым қашықтықты жүріп өткен.

"Болашақ жауынгерлер ҚР ІІМ Алматы академиясында ел Президентінің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде оқу орны әзірлеген арнайы бөлімшелердің бірыңғай арнайы бағдарламасы бойынша бастапқы даярлық курстарынан өтіп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сабақтың тақырыбы - таудағы дайындық. Жаяу жүру бағыты - Іле Алатауы. Жауынгерлер су өткелдерін, жартасты жерлер мен көптеген басқа да кедергілерді еңсерді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram