03 тамыз 2023 | 09:31

Желіде жарияланған видеодан кейін Ақтаудағы балабақша тексерілді

Дина Шарипханова Корреспондент
© lada.kz

Ақтау тұрғыны балабақшада қатты жылаған баланың даусы естілетін видеоны Lada.kz редакциясына жолдаған. Әйел мектеп жасына дейінгі балалардың көп жылайтынын, оларға ешкім назар аудармайтынын айтты. Ақтау қалалық білім бөлімі видео жарияланған соң тексеріс жүргізгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау тұрғыны балабақшада қатты жылаған баланың даусы естілетін видеоны Lada.kz редакциясына жолдаған. Әйел мектеп жасына дейінгі балалардың көп жылайтынын, оларға ешкім назар аудармайтынын айтты. Ақтау қалалық білім бөлімі видео жарияланған соң тексеріс жүргізгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтау қалалық білім бөлімі өкілдері жекеменшік балабақшаны тексеру қорытындысы жариялады.

"Мән-жайды анықтау барысында, топта анасы кеткеннен кейін бала жаңадан қабылданған тәрбиеленушілер арасында бейімделу кезеңінен өтіп, жылап жатқаны анықталды. Мұғалім бірден баланы тыныштандыруға кірісті. Сол уақытта анасына телефон соғып, баласының жағдайын ескерткен. Анасы келгенге дейін баланы қолына алған мұғалім оны жұбатқан. Сондай-ақ, кез келген бала балабақшаға барған кезде бейімделуден өтетінін атап өткен жөн", - деді министрлік өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұған дейін әйел Lada.kz сайтының редакциясына видео жолдаған. Оның айтуынша, балабақшада балалар көп жылайды.

"Бұл балабақшада әлі сөйлей алмайтын кішкентай бүлдіршіндер бар, олар 30-40 минут жылай береді, тәрбиешілер оларды жұбатпайды. Мен жақын жерде тұрамын, көшеде отыру мүмкін емес, балалардың жылаған дауысынан жүрегім ауырады", - дейді Ақтау тұрғыны.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная