18 шілде 2020 | 12:02

Желіде жас жұбайлардың "Тырналар" әніне билеген вальсі көңілді босатты

Жас жұбайлардың әскери жылдардағы әнге билеген вальсі әлеуметтік желі пайдаланушыларының көңілін босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жас жұбайлардың әскери жылдардағы әнге билеген вальсі әлеуметтік желі пайдаланушыларының көңілін босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тырналар" әніне билеген жас жұптың видеосы желіде танымал болды. Видеода форма киген жігіт пен қыз жер үйдің ауласында вальс билеп жатыр. Роликтің соңында жігіт қызды жылы құшақтайды.

Реклама
Реклама

Видео Павлодар облысының ауылында түсірілгені анықталды. Вальсті 27 жастағы өрт сөндіруші Самат Размангулов пен қалыңдығы Жұлдыз билеген.

"Бұл 9 мамырда болды. Біз күйеуімнің туыстарына келгенбіз. Биыл мереке ешқандай қонақсыз тойланды. Аулада болғанбыз, кетейін деп жатыр едік. Сол кезде Самат "Тырналар" әнін қосты да, мені биге шақырды. Бидің соңында толқып кеттім де, сүйіктімді құшақтадым. Осы кезде туыстар видеоға түсірген", - дейді Жұлдыз.

 Ауылдық қыз видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

"Біз жай өзіміздің сүйікті әнімізге биледік. Әрине, желіде былай тарайды және жақсы пікірлер айталады деп күтпедік. Адамдарға ұнағанына қуаныштымын", - деді қыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная