ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2022 | 08:43
Желіде жедел жәрдем көлігімен темір тасығандардың видеосы тарады
Желіде Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде жедел жәрдем көлігіне темір тиеп жатқан видео жарияланды. Дәрігерлер оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде жедел жәрдем көлігіне темір тиеп жатқан видео жарияланды. Дәрігерлер оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде тараған видеода оқиғаның Солнечный ауылында болғаны, көлікке темір салып жатқаны анық көрінеді.
"Олар жедел жәрдемге темір тиеп жатыр", - дейді ер адамның дауысы.
Видеоны көрген Желі қолданушылар түрлі пікір білдірді. Кейбірі видео авторын асығыс қорытынды жасағаны үшін сөксе, енді біреулері, қызметтік көлікті басқа мақсатта пайдаланған дәрігерлерді айыптаған.
Екібастұздық полицейлер осы іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.
№2 қалалық емхана басшылығы видеодағы көлік науқастарды тасымалдау үшін емес, тек тұрмыстық қажеттіліктерге және ауылдағы фельдшерлік пункт қызметкерлерін тасымалдауға пайдаланылатынын айтады.
"Солнечный кентіндегі дәрігерлік амбулаторияда апат болды, соған байланысты бір учаскені ауыстыру үшін қалалық су арнасының шеберханасына шұғыл түрде жылыту радиаторы жеткізілді. Бұл көлік жедел жәрдем көлігі емес, кезекші дәрігерлерді тасымалдап, қалаға анализ алып бару үшін қолданылатын көлік", - деп түсіндірді Екібастұз қаласындағы №2 емханада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также