Желіде жүргізуші мен полицейлер арасындағы жанжал видеосы тарады

Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында жүргізуші мен полицейлер арасындағы жанжал видеоға түсірілді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында жүргізуші мен полицейлер арасындағы жанжал видеоға түсірілді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. 21 секундтық роликте жүргізушінің полицейлерді түсіріп тұрғанын көруге болады. Ал оған құқық қорғау органдарының қызметкері бейәдеп жауап береді. 

Реклама
Реклама

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиға 14 қазанда болғанын хабарлады.

"Сағат шамамен 07.45-те Сарышаған ауылы маңындағы Приозерск - Балқаш автожолында Toyota Alphard автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, көліктерді басып озып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетеді, осылайша Приозерск қаласына қызметіне бара жатқан, полиция қызметкерлері отырған Toyota Camry автокөлігімен авариялық жағдай туғызды.

Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі бұрылып, тәртіпбұзушыны тоқтатты. Жағдайды анықтау барысында Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерін ұялы телефонға түсіру арқылы екпінмен сөйлеуге итермеледі", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілер полицейлер мен олардың басшылары әдеп нормаларын бұзғаны және тәртіп бұзушыға уақытылы шара қолданбағаны үшін тәртіптік жауапқа тартылғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама