Әлеуметтік желілерде Қапшағай тасжолында асфальт төселіп жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. "Қазавтожол" өкілдері роликке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі kris_p.kz парақшасында жарияланды.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері Қапшағай тасжолында бетонның үстіне асфальттың арнайы түрі төселгенін және бұл қыста апаттардың санын азайтуға мүмкіндік беретінін айтады.
"2017 жылдың желтоқсанында және 2019 жылдың қаңтарында Алматы - Қапшағай республикалық маңызы бар автомобиль жолында таңертең қалың тұман салдарынан жаппай жол-көлік оқиғалары көп тіркелді. Сондықтан "микросюрфейсинг" типті құйылған эмульсиялық-минералды қоспалардан тұратын қорғаныш қабатын салу туралы шешім қабылданды, ол кедір-бұдыр текстуралы болып келеді,", - деді компания өкілдері.
Сондай-ақ, ведомстводағылар асфальт төсеу жұмыстары қыркүйектің соңында аяқталатынын айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!