02 қараша 2022 | 08:59

Желіде қарағандылық автобус жүргізушілер төбелесінің видеосы тарады

Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жүргізушілер төбелесінің видеосы тарады. Кадрда үш ер адам сөйлесіп тұрады, кейін олардың екеуі жұдырықтаса жөнелгені, үшіншісі ажыратуға тырысып жатқаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары қоғамдық көлік қызметкерлерінің бұл әрекетін сынға алды. Олар әзілдеп төбелесіп жатқандар Конор МакГрегормен жекпе-жекке шықсын деп жазды.

Видеоға қатысты Қарағанды ​​қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді. Мемлекеттік мекеме бұл жазбаны көргендерін, видеоны зерттеп, оқиғаның мән-жайын, жанжалдың себебін анықтайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная