04 тамыз 2021 | 14:29

Желіде қарыз үшін Қытай құрамына кіру туралы қауесет тарап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяоның Қазақстан ҚХР құрамына кірген жағдайда, сыртқы қарызының басым бөлігінен құталады деп мәлімдеме жасағаны туралы хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяоның Қазақстан ҚХР құрамына кірген жағдайда, сыртқы қарызының басым бөлігінен құталады деп мәлімдеме жасағаны туралы хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяоның мәлімдемесі тарап жатыр. Онда егер Қазақстан ҚХР құрамына кіруге дайын болса, онда сыртқы қарызының 90 пайызынан құтылады делінген.

Реклама
Реклама

Жазбаның дереккөзі - qazinform24 Instagram-парақшасы. Бұл сатиралық парақша. Профильде парақша сатиралық контент пен жалған жаңалықтар жариялайды деп жазылған.

"Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ресми сайтында мұндай жаңалықтар жарияланған жоқ. Төтенше және Өкілетті елші Чжан Сяо мұндай мәлімдемелер жасамаған.

Демек, ҚХР құрамына кірсе, Қазақстанның сыртқы қарызы жабылатыны туралы хабарламалар жалған. Оны кейбір пайдаланушылар сатиралық парақшаны дереккөз ретінде көрсетпей таратқан", - делінген порталда.

Айта кетейік, көрнеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақтанда қылмыстық жаупкершілік қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная