18 мамыр 2023 | 15:51

Желіде Қазақстанда 1 шілдеден бастап некені онлайн тіркеуге болады деген ақпарат тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазнетте 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды.

1 шілдеден бастап некені АХАТ емес, ХҚКО қызметкерлері тіркейді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-қа беріледі.

Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкіметтің" мәліметінше, жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады.

Некені тіркеуге өтінішті электрон үкімет порталында онлайн немесе бэк-офистерге жүгініп, офлайн режимде береді. Ал тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуға тиіс.

Демек, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некеге онлайн түрде тұруға болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная