25 мамыр 2022 | 12:09

Желіде "КСРО әлі де бар" теориясына дәлел табылғаны туралы ақпарат тарады

© РИА Новости

Желіде "КСРО әлі де бар" теориясына дәлел табылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Stopfake.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде "КСРО әлі де бар" теориясына дәлел табылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Stopfake.

Желіде КСРО әлі де бар теориясына дәлел табылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ақпарат таратушылар дәлелді Украина дипломаты Сергей Кислицаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзімен байланыстырып отыр. Шын мәнінде, оның сөзі КСРО-ның бар екеніне дәлел бола алмайды.

Дипломат және Украинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сергей Кислица БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуына күмән келтірді.

Реклама
Реклама

Алайда, ол өз сөзінде КСРО-ның бар екендігіне дәлел келтірген жоқ, керісінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресей ешқандай дауысқа салмастан өзін КСРО-ның мұрагері ретінде жариялағанын айтқан.

Ресей Федерациясы 1991 жылғы желтоқсанда қол қойылған Алматы декларациясына сәйкес КСРО-ның құқықтық мұрагері. Бұл құжатта 1991 жылғы 8 желтоқсанынан бастап Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы жоқ екені жазылған. Демек, КСРО-ның әлі де легитимді мемлекет екендігі туралы теориялар – белгілі тарихи фактілерге қайшы келетін фейк және конспирология.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная