Желіде мектептерге "жасыл" статусы бар оқушылар ғана кіргізіледі деген ақпарат тарады

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қысқы демалыс аяқталғаннан кейін мектептерге Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы бар оқушылар ғана кіре алады деген ақпарат таралып жатыр, - деп хабарлайды stopfake_kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қысқы демалыс аяқталғаннан кейін мектептерге Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы бар оқушылар ғана кіре алады деген ақпарат таралып жатыр, - деп хабарлайды stopfake_kz.

Бұл қауесетті ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, бұл жоспарда жоқ.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдейміз. Оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Демалыс аяқталғаннан кейін сапалы білім алуды шектеу туралы айтылып отырған жоқ. Ashyq-ты білім беру саласының қызметкерлері ғана пайдаланады. Айта кетейік, ел педагогтары вакцинацияланып, өздерін, өз денсаулығын және оқушылардың денсаулығын коронавирусты жұқтыру қаупінен қорғады", - деп түсіндірді ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Мөлдір Әбдуалиева жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная