01 қыркүйек 2020 10:25

Желіде Нығматулиннің жаттыққан сәтінің видеосы пайда болды

Әлеуметтік желіде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жаттыққан сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жаттыққан сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов Telegram-каналындағы парақшасына жариялады.

Реклама
Реклама

Роликтен ҚР Парламенті төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қалай жаттыққанын көруге болады. 17-секундта Нығматулин 30-дан аса соққы жасайды.

Еділов 1999-2002 жылдары Нұрлан Нығматулин Астанадағы (қазіргі Нұр-Сұлтан) бокс федерациясын басқарғанын айтады.

Айта кетейік, 31 тамызда Нұрлан Нығматулин 58 жасқа толған еді. Ол Қарағанды қаласында дүниеге келген, танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жерлесі.

Еске салайық, 31 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram