15 қыркүйек 2023 16:33

Желіде оқушылар толы мектеп дәлізінің видеосы тарады

Видео кадрлары

Астана мен Көкшетаудағы жағдайдың артынша Қарағанды тұрғындары Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде оқушылар қысылып, толып тұрған дәлізді видеоға түсіріп алды. Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі бұл жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Көкшетаудағы жағдайдың артынша Қарағанды тұрғындары Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде оқушылар қысылып, толып тұрған дәлізді видеоға түсіріп алды. Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі бұл жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде мектеп-лицейдің дәлізінің видеосы тарап, желі қолданушылары арасында бұл үлкен резонанс тудырды. Оқушылардың ата-аналары видеоға оқу орнында сынып саны тым көп екенін жазған. Ал кейбіреулер мұндай жағдай тек бір мектепте болып жатпағанын айтты.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі өкіді оқушы көп екенін растады. Жобалық қуаты 1200 адамдық лицейде барлығы 2999 бала оқиды. Лицейде оқу-тәрбие процесі алты күндік оқу режимімен үш ауысымда ұйымдастырылған.

"Бұл жағдай 12 қыркүйекте 18:35-те екінші ауысымның алтыншы сабағынан кейін киім ауыстыратын бөлме маңында болды. Киім ауыстыратын бөлменің кіреберісінде кезекші әкімші мен мұғалімдер болды. Кезекшілер жағдайды реттеді. Осындай жағдайдың алдын алу үшін қосымша шара қабылданды. Бұл мектепте жыл басынан бері күн, ауысым, рекреация, асхана және үзіліс үшін арнайы кезекші мұғалімдер мен әкімшілер бар. Сонымен қатар, ауысым бойынша сынып жетекшілер кезекші болады. Оқушылар тек үзіліс кезінде ғана кезекшілік етеді", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, ведомство оқу орны аумағында мектеп-лицей сыйымдылығын үлкейту үшін әр ауысымда 300 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып жатқанын айтты. Кендала шағынауданында тағы бір жаңа мектептің құрылысы басталған. Осы екі нысан пайдалануға берілген кезде Алтынсарин атындағы мектеп-лицей екі ауысымды оқуға көшеді.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетау мектебінің бірінде осыған ұқсас жағдай видеоға түсіп қалған еді. Бақытымызға орай, балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, бірақ кадрлар желіде резонанс тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram