ПОДЕЛИТЬСЯ
03 маусым 2022 | 12:13
Желіде Pfizer вакцинасы сынақтарына қатысты жалған ақпарат тарады
Қазнетте Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысқан 270 жүкті әйелдің біреуі ғана дені сау бала туғаны туралы ақпарат тарады. Қалғандары түсік тастаған, - деп хабарлайды stopfake.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазнетте Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысқан 270 жүкті әйелдің біреуі ғана дені сау бала туғаны туралы ақпарат тарады. Қалғандары түсік тастаған, - деп хабарлайды stopfake.kz.
Портал мәліметінше, бұл - жалған. Ақпарат биыл 19 қаңтарда Желінің ағылшын тілді сегментінде жарияланған мақалаға негізделген.
"Онда 270 қатысушының 238-і белгісіз себептермен сынақтан шығып кеткені, ал қалған 32 адамның біреуі ғана дүниеге сау бала әкелген деп айтылған. Бұл мәліметті автор Pfizer-BioNTech-тің "2021 жылғы 28 ақпанға дейін алынған PF-07302048 (bnt162b2) жағымсыз құбылыстар туралы тіркеуден кейінгі хабарламаларға жиынтық талдау" құжатынан алған", - деп жазды портал тілшілері.
Reuters фактчекерлері Техас университетінің оңтүстік-батыс медициналық орталығындағы Ана мен бала медицинасы кафедрасының доценті Эмили Адхикаримен сұхбаттасқан. Ол Pfizer-BioNTech-тің түпнұсқа құжатымен танысып, 238 қатысушының сынақтан шықпағанын, әлі де бала көтеріп жүргенін, сондықтан клиникалық сынақтар кезінде жүктіліктің нәтижесі туралы айта алмағанын түсіндірген.
"Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды COVID-19 қарсы вакциналауды бастамас бұрын препараттар толық клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті. Бүгінде бұл процедура қауіпсіз және мерзімінен бұрын босану немесе ұрықтың қайтыс болу қаупін арттырмайды деп айтуға ғылыми негіз жеткілікті", - деп жазды тілшілер.
Демек, Pfizer вакцинасының клиникалық зерттеулерінің барлық қатысушылары түсік тастады деген ақпарат – фейк және манипуляция, деп жазды портал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также