Желіде премьер-министр Смайыловтың сағаты талқыланды

Камила Долаева Журналист
Желіде премьер-министр Смайыловтың сағаты талқыланды Сурет: facebook.com/ruslan.zheldibay

Желіде премьер-министр Әлихан Смайыловтың үкімет отырысына тағып келген сағаты талқыланды. Telegram-арналардың бірінде оның бағасы 5-8 мың доллар екені жазылған. Алайда сағат әлдеқайда арзан болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай тараған ақпаратты жоққа шығарды.

"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5,000-8,000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты.

Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады", - деп жазды Руслан Желдібай Facebook-те.

Жарнама
Жарнама

Ол сөзіне дәлел ретінде сағат фотоларын жүктеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама