Желіде ресейлік азамат ақтаулық тұрғынды атып тастады деген жалған ақпарат тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Желіде ер адамның басқа бір ер адамды мылтықпен атып жібергені түсірілген видео тарады. ІІМ аталған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде ер адамның басқа бір ер адамды мылтықпен атып жібергені түсірілген видео тарады. ІІМ аталған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

YouTube-та тараған видеода "Ресейлік ер адам Қырым үшін ақтаулықты атып тастады" деген жазбамен жарияланған.

"Бұл видео шындыққа жанаспайды. Осы фейкті Желіде таратқан ер адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Барлық тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ҚР ІІМ ресми телеграм-каналында "атылған" ер адамның аман-есен екені туралы тағы бір видео жарияланды. Ол бұл видеоны олардың Ермек есімді досын алдау үшін арнайы түсіргенін айтты.

"Біз Ермек досымызды осылай алдап, туған күнімен құттықтадық", - дейді ер адам видеода. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама