05 мамыр 2020 | 16:11

Желіде "шассисіз қонған" ұшақтың видеосы тарады

Желі қолдаланушылары Алматы облысынадағы Жетіген әуеайлағында алдыңғы шассиі ашылмай қалған әскери ұшақтың қонған кадрларын таратып жатыр. Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp-тағы нөміріне оқырмандар фото, видеоларын жіберді.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желі қолдаланушылары Алматы облысынадағы Жетіген әуеайлағында алдыңғы шассиі ашылмай қалған әскери ұшақтың қонған кадрларын таратып жатыр. Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp-тағы нөміріне оқырмандар фото, видеоларын жіберді.  

Куәгерлердің айтуынша, С-295 ұшағы қонар алдында бірнеше кадр түсірген. Суреттерде әуе кемесінің елді мекенге жақын жерде, тұрғын үйлердің үстінен ұшып бара жатқаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, редакцияға видеолар да келді, бұл Жетігендегі аэродром болуы мүмкін. Кадрларда әуе кемесінің ұшу-қону жолағына қонғанын көруге болады. Кейін оған өртсөндіргіш көлігі келеді. Ролик авторы ұшақ аэродром үстінен екі рет айналғаннан кейін ғана қонғанын айтады.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бейнероликтің шындығын растай немесе жоққа шығара алмайтынын мәлімдеді. Жарықтың нашар болуынан ұшақ пен ол қонған әуеайлақты анықтау мүмкін емес екені хабарланды.

Еске салайық, 4 мамырда Алматы облысы Жетіген ауылының аэродромының территориясына әскери ұшақ бір бүйірімен қонған болатын. Өңір әкімінің баспасөз қызметіндегілер ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай қалғанын хабарлады. 

"Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың тапсырысымен әуежайға жедел жәрдем мен құтқарушылар аттанды, бірақ олардың көмегі қажет болмады. Ұшақ бүйірімен қонды. Ол қонғанша ұшу-қону жолағына көбік шашылған. Қазір жолаушылар мен экипажды эвакуациялау жүріп жатыр", - деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная