Желіде тараған видеодан кейін полиция басшысы жұмыстан босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Абай облысындағы Шар қаласы полиция бөлімінің бастығы даулы видеодан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысындағы Шар қаласы полиция бөлімінің бастығы даулы видеодан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бір ер адамның Шар полиция ғимаратының кіреберісінде полиция қызметкерлеріне айырсадақтан (рогатка) оқ атқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Видеодағы пікірлерге қарағанда, айырсадақ ұстаған ер адам – жергілікті полиция бөлімінің подполковник шеніндегі бастығы болып шыққан. Ол осылайша өз қызметкерлерін "тәрбиелеген".

Абай облыстық Полиция департаменті бұл видеодағы адамның Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы екенін растады және қызметтік тергеу аяқталғанын нақтылады.

Реклама
Реклама

"Тәртіптік комиссия жұмысының нәтижесі бойынша, Жарма ауданы Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама