Желіде тұншығып қалған інісін құтқарған қызылордалық кішкентай қыздың видеосы тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қызылорда облысында кішкентай қыз мармеладқа тұншығып дем жетпей қалған 5 жасар інісіне көмектесті. Оның әрекеті үйдің бақылау камерасына түсіп қалған. Видеоны Instagram желісіндегі Zello.aralskk парақшасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Арал ауданында болған.

"Аружан есімді қыз інісі Абзалдың тұншығып жатқанын байқап, қақпадан жүгіріп шығады. Ол бірден оның арқасынан ұрып, содан кейін оны асқазанға аударып, төмен қарай шайқайды. Бақытымызға орай қыздың алғашқы көмегінің арқасында бала аман қалды", - делінген жазбада.

Реклама
Реклама

"Жарайсың қарындасым, ініңді аман алып қалдың!", "Батыр қыз екен!", "Ол кейде үлкендердің де қолынан келмейтін ерлік жасады!", "Жақсы тәрбие алған қыз ғой", "Мектепте балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретсе жақсы болар еді", - деп жазды Желі қолданушылары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама