19 мамыр 2022 | 09:52

Желіде тұрғындардың жеке меншігін мемлекет басқаратыны туралы фейк тарады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Желіде Конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейін адамдардың жеке меншігін мемлекет басқаратыны туралы фейк тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейін адамдардың жеке меншігін мемлекет басқаратыны туралы фейк тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz

Басылым бұл жалған ақпарат екенін анықтады. Жалпы түзетулер саны - 35. Олардың ешқайсысы азаматтардың жеке меншігін жоюға немесе оны мемлекетке беруге қатысты емес.

Telegram-да тараған жалған ақпараттағы түзету мынадай:

Реклама
Реклама

"6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін".

Әділет министрлігінің хабарлауынша, бұл азаматтардың жеке меншігі мемлекетке беріледі дегеннің белгісі емес.

Сондай-ақ, олар соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда көзделген ерекше жағдайларда мемлекет қажеттілігі үшін мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару оның құны тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін (Конституцияның 26-бабының 3-т.).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная