ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2022 | 09:28
Желідегі балаларға бақылауды күшейту туралы хабарламаға полиция пікір білдірді
Елордалық Полиция департаменті мигранттардың ағылуына байланысты балаларға бақылауды күшейту туралы хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елордалық Полиция департаменті мигранттардың ағылуына байланысты балаларға бақылауды күшейту туралы хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар WhatsApp желісінде үйден тыс жерлерде балаларға бақылауды күшейту сұралған хабарламалар ала бастады. Хабарламада мигрант ер адамдар ағылып келетіні ескертілген.
"Құрметті ата-аналар! Соңғы оқиғаларға – басқа мемлекет азаматтарының ағылып келуіне байланысты: балаңыздың үйден тыс жерде болуын бақылауды күшейтіңіздер! Келгендердің басым бөлігі ер адамдар болғандықтан, көбі әлі тіркелмеген, бұл туралы тіпті Ішкі істер департаменті де ескертеді! Балаларымыздың қауіпсіздігі өз қолымызда", - делінген хабарламада.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, бұл хабарлама жалған, өйткені құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай хабарлама таратылмаған.
"Астана Полиция департаменті бұл ақпаратты таратқан жоқ. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қала қонақтары тарапынан құқық бұзу деректерін тіркеген жоқ. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қолданыстағы заңнаманы бұзбауды сұраймыз. Кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын және орналасқан жерін бақылаңыз. Балаларыңызды қадағалау олардың қауіпсіздігін арттырады. Өзіңізге немесе жақындарыңызға заңсыз әрекеттер жасалған болса, дереу "102" арнасына хабарлаңыз", - деді ПД өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также