Желге ұшқан миллиардтар. Қостанай облысында жүргізілген аудит қорытындысы жарияланды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Желге ұшқан миллиардтар. Қостанай облысында жүргізілген аудит қорытындысы жарияланды Фото: t.me/auditpalatasy

Жоғары аудиторлық палата Қостанай облысында мемлекет ресурстарының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палата Қостанай облысында мемлекет ресурстарының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес облыста жалпы өңірлік өнімнің өсуі байқалады. Алайда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері орнықты түрде дамып жатқан жоқ. Атқарушы органдар деңгейінде басқару мен жоспарлауда жүйелі олқылықтар бар.

Жергілікті бюджет кірісі 2020-2024 жылдары 75 пайыз өскен, бұл ретте меншікті кірістердің үлесі небәрі 7 пайыз, яғни 29 пайыздан 36,1 пайызға дейін ұлғайды. Бюджетті атқару кезінде 19 млрд теңге пайдаланылмаған бос қалдық қаражаты бола тұра 30 млрд теңге көлемінде қарыз алу фактісіне жол берілгені анықталды. Бұл шығыстарды жоспарлау мен борыштық жүктеме арасындағы сәйкессіздікті көрсетеді.

Реклама
Реклама

Тікелей шетелдік инвестициялар ағынының серпіні төмен деңгейде сақталып отыр. Құны 188 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жобаның ішінен 6 жоба пайдалануға берілмеген, ал оларды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Облыстың даму бағдарламасының орындалуында кемшіліктер бар. 2022-2024 жылдары оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарынан жыл сайын 12-ден бастап 164-ке дейін бюджеттік инвестициялық жоба алып тасталып отырған. Бірқатар инфрақұрылымдық жобаны іске асыру барысында жобалау-сметалық құжаттаманың сапасыз әзірленуіне байланысты жүйелі бұзушылықтарға жол берілген. Соның нәтижесінде кейбір объектілер пайдалануға берілмей тұр не құрылыс кезеңінің өзінде түзетулерді қажет етеді.

352 кәсіпкерлік субъектісіне 11 млрд теңге сомасына мемлекеттік қолдау көрсетілгеніне қарамастан, олардың 179-ы қызметін тоқтатқан, ал тағы 168-і жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелерді орындамаған. Бұл көрсетілетін шаралардың тиімділігін мониторингтеу мен бағалаудың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Қаржылық тұрғыдан орнықты жеке бизнесті жасырын субсидиялау белгілері тіркелді. Бұл бәсекелестік қағидаттарын бұзып, ӘКК-нің тиімділігін төмендетеді.

Өңірде жол-құрылыс жұмыстарының орындалу сапасына тиісінше бақылау жасалмайды. Тексеру барысында 12 объектіде асфальт-бетон жабынының шөгуі және бұзылған жерлер сияқты әртүрлі ақау анықталды. Мұндай ақаулар бұрын жұмыстар орындалып өткен жерлерде да анықталды.

Агроөнеркәсіптік кешен өңірдің негізгі саласы болып қала береді. Алайда жыл сайынғы мемлекеттік қолдауға қарамастан саланың дамуы тұрақсыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2022 жылдан бастап төмендеп, мал басы азайып келеді, ал таратылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны ұлғаюда.

Мемлекеттік сатып алу саласында 12 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндерді конкурсқа жіберіп, оларды жеңімпаз деп тану, "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісін негізсіз беру арқылы сатып алудың "ерекше тәртібін" қолдану, сондай-ақ төтенше жағдайды негіз етіп, бір көзден сатып алу фактілері анықталды.

Дәрігерлік амбулаториялар салу жобалары бойынша медициналық жабдықтардың құнын арттырып көрсету шамамен 200 млн теңге болды. Бұл ретте жекелеген позициялар жобалау-сметалық құжаттамада көзделген сомадан іс жүзінде 18-46 есе арзан бағада сатып алынған. Жабдықтардың жекелеген түрлерінің бағасы банкрот деп танылған компанияның прайс-парақтары негізінде қалыптастырылған.

"Жалпы аудит қорытындысы бойынша 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық, 50 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды", - делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында.

52 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама