Желтоқсанда Алматыны басып тұратын көк тұман сейіледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Желтоқсанда қоюланып, қаланы басып тұратын көк тұман сейіледі. Бұл туралы синоптиктер айтып берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.

Желтоқсанда қоюланып, қаланы басып тұратын көк тұман сейіледі. Бұл туралы синоптиктер айтып берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жаңбырлы күндері мегаполисті жайлап тұратын көк түтінді көктен құйылған тамшылар тазартып, табиғи сүзгіге айналады. Ауадағы көрінбейтін шаң-тозаң мен ұсақ зиянды бөлшектерді жаңбыр жерге қарай түсіріп, көкжиекті ашады.

Экологтардың айтуынша, жаңбырдан кейін небәрі бірнеше сағаттың ішінде ауаның ластану көрсеткіші 80 пайыз төмендейді. Әсіресе PM2.5 сияқты қауіпті бөлшектер айтарлықтай азаяды. Бұл – қала тынысын кеңейтетін негізгі фактор.

Реклама
Реклама

"Ауадағы ластаушы заттардың таралуына, сейілуіне метеожағдайдың әсері көп. Биыл жауын-шашын өте аз болды. Соның кесірінен өзендердің де, атмосфераның да ластануы күшейді. Жауын жаумағандықтан зиянды ауа қалдықтары тұрып қалады. Биыл жел де сирек, ал желдің болмауы экологиялық жағдайды қиындатып, ауаның сапасын едәуір нашарлатты. Қазір метеожағдай өзгеріп жатыр", – деді Қазақстан экологиялық аудиторлар палатасы оқу орталығының директоры Райдин Қасымов.

Алматыда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр аралас қар жауып, температура түнде минусқа түсіп, күндіз қайта жылынып отырады. Қазір өңірді кесіп өтетін циклондар мен желдің күшеюі атмосферадағы лас бөлшектердің тез жойылуына ықпал етіп жатыр. Мәселен, 10 желтоқсанда солтүстік-батыстан соғатын дауылды жел мен сулы қар қаланы тағы бір мәрте тазартып өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама