ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2023 | 14:28
Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға салынатын мектептердің тізімі жарияланды
Оқу-ағарту министрлігі жемқорлардан тәркіленген қаражатқа биыл салынатын мектептердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оқу-ағарту министрлігі жемқорлардан тәркіленген қаражатқа биыл салынатын мектептердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен қаржыландырылатын мектеп құрылысының тізімі бар бұйрық жариялады. Тізімге барлығы 62 мектеп енгізілген.
Өңірлер бөлінісінде Астана қаласы мен Алматы облысында осы қаражат есебінен салынатын немесе кеңейтілетін мектептердің саны өзгелерден бірнеше есе басым. Нақтырақ айтсақ, әрқайсысында 10 мектептің жобасы жоспарланған. Одан кейінгі орында 9 жобамен Түркістан облысы тұр.
Осылайша биыл жемқорлардан түскен қаражат есебінен 96 миллиард 495 миллион теңгенің 62 жобасы іске асырылмақ. Оның ішінде ескірген мектептің орнына жаңа мектеп салу, жаңадан мектеп салу және орын тапшылығы бар білім мекемесіне қосымша ғимарат салу жобалары бар.
Мектептер тізімін және әрқайсысына қанша қаражат бөлу жоспарланғанын мына сілтемеден көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также