04 мамыр 2023 | 12:33

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген мүлік қашан қазақстандықтардың қажетіне жұмсалады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Сенат отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандардың мүлкін тәркілеуді реттейтін құжаттарға енгізілетін өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандардың мүлкін тәркілеуді реттейтін құжаттарға енгізілетін өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер вице-министрден тәркіленген мүліктің қашан мемлекет кірісіне айналатынын ғана емес, оны сатудан түскен қаржыны да қарапайым азаматтардың мұқтаждығына бағыттау туралы сұрады.

"Иә, бұл бастама көтерілді. Бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көтерілді. Қаржы министрлігі жазбаларды да, азаматтардың жеке өтініштерін де қадағалайды. Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы өзгеріс тараптардың келісіміне байланысты, өйткені бұл құжатты қабылдаудың мерзімдері, ережелері бар. Бұл – қоғамдық тыңдаулар, бекітулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама. Осы процедуралардың барлығын орындау керек. Алдағы уақытта құжат қабылданады деп ойлаймын", - деп жауап берді Ержан Біржанов.

Реклама
Реклама

Уақыт туралы айта келе, вице-министр жыл аяғына дейін, мүмкін одан да ертерек өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная