ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2020 | 17:09
Жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды ескертумен енгізу жоспарланды
Жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды кейбір ескертулермен енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды кейбір ескертулермен енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында пара алғаны үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салуды тапсырған болатын.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін ҚК-нің 72-бабында мұндай қылмыстарды жүкті әйелдердің, жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлердің, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдердің, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ерлердің, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектердің жасаған жағдайларын қоспағанда, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға, сондай-ақ осы қылмысты жасау кезінде судья болған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға, ШМББ қолданылмайды деп бекіту ұсынылады".
Ал, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмысы не ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды, егер ол сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, ашуға немесе тергеп-тексеруге белсенді жәрдем көрсеткен жағдайда ғана, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Заңның тұжырымдамасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Тұжырымдамамен танысып, өз пікіріңізді осы жерде қалдыра аласыз.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также