ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2021 | 17:41
Жемқорлық жасаған адамды жұмысқа алған ұлттық компания басшылары жазаланады
Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшыларына бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған қызметкерлерді жұмысқа қабылдағаны үшін айыппұл салынады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік орган немесе ұлттық компания басшысы бұрын сыбайлас жемқорлық жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде (2021 жылы 291 700 теңге. - еск.) айыппұл төлейді. Ол ӘҚБтК-нің 681-бабында көрсетілген. Сыбайлас жемқорлық жасаған адам енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да, тіпті қатардағы лауазымда да жұмыс істей алмайды", - деді Бектенов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға тыйым салу туралы талап бұрын тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың басқарушы лауазымдарына қатысты болған.
"Енді жыл басында Еңбек кодексіне енгізілген түзетулермен сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды кез келген квазимемлекеттік сектор лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды", - деп түсіндірді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также