29 қаңтар 2021 | 11:55

"Жемқорлықпен енжар күресетін" министрліктер аталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді шаралар қабылдамайтын министрліктер мен ведомстволарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді шаралар қабылдамайтын министрліктер мен ведомстволарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент тапсырмасы бойынша басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді шаралар қабылдамайтын мемлекеттік органдар анықталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ол Ішкі істер және Ауыл шаруашылығы министрліктері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті.

ІІМ барлық өңір мен орталық мемлекеттік орган деңгейінде жемқорлықтың алдын алу жобалық кеңселерінің ашылуына тосқауыл қояды. Бірақ жемқорлық мәселесі бұл салада шешілмегені белгілі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуден бас тартуы түсініксіз", - деді Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алқасының отырысында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторингтің қорытындысы бойынша антилидердің бірі. Ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, әсіресе тауар өндірушілерін субсидиялау тәртібін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын толық көлемде орындамайтынын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы бұл жемқорлық дерегін көбейтіп, кәсіпкерлерге арналған шарттың теңдігін бұзатынын айтты.

"Байлар байып, кедейлер кедейлене береді. Толыққанды алдын алу шаралары Мемлекеттік кірістер комитетінде де жоқ. Мұның айқын дәлелі азаматтардың кеден және салық органдарына жүйелі түрде алым-салық беру дерегі. Мұндай шағымдар жетіп артылады.

Жалпы айтқанда, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз жұмысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін арттырып, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға мүмкіндігі болмайтын жағдай жасауы қажет", - деді Шпекбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная