ПОДЕЛИТЬСЯ
16 шілде 2022 | 14:45
Жеңіл атлетика федерациясы өкілі Қырғызстанда қаза тапқан жаттықтырушы туралы айтты
Жеңіл атлетика федерациясы өкілі Қырғызстанда қаза тапқан жаттықтырушы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жеңіл атлетика федерациясы өкілі Қырғызстанда қаза тапқан жаттықтырушы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Федерация мәліметінше, Мұрат Жүзгенбаев - КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы.
"ХДСШ атағына төрт спортшыны және Олимпиада ойындарына қатысушы Артем Косинов, Гүлжанат Жанатбек, Шолпан Мансурова, Айман Ратованы, спорт шеберлері Сергей Тулапин, Александр Сысоев, сондай-ақ, СШК пен Қазақстан чемпиондарын даярлады", - деді федерация өкілі.
Сондай-ақ, федерация өкілі оның 3-20 шілде аралығында Чолпон-атада (Қырғызстан) өткен жиындарда болғанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Ыстықкөлде қазақстандық жеңіл атлетика жаттықтырушысын көлік қағып өлтіргені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также