14 шілде 2022 | 15:18

Жеңілдетілген автонесие: банктер өтінім қабылдауды тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аралық нәтиже туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аралық нәтиже туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"13 шілдедегі жағдай бойынша жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысушы банктер 90 миллиард теңге сомасындағы 11 825 өтінімді мақұлдады, ол бойынша жалпы сомасы 59,546 миллиард теңгеге 7 852 автомобиль берілді", - делінген хабарламада.

Өтінім қабылдаған банктер:

Реклама
Реклама
  • "Еуразиялық Банк" АҚ 25,4 миллиард теңге сомасында 3 248 өтінімді мақұлдады;
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ 27,7 миллиард теңге сомасында 3 647 өтінімді мақұлдады;
  • "Қазақстан Халық банкі" АҚ 23,1 миллиард теңге сомасында 3 009 өтінімді мақұлдады;
  • Forte Bank АҚ 14,4 миллиард теңге сомасында 1 921 өтінімді мақұлдады.

"Қазір қатысушы банктер автонесие беру бойынша қорытынды рәсімдерді жүргізуге байланысты қаржыландыру лимиті босатылғанға дейін өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты", - деді қор өкілі.

Қор өкілі лимиттер шеңберінде қаражат болған жағдайда қатысушы банктер өтінімдерді қабылдауды қайта бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

"Бұл ретте "Еуразиялық банк" АҚ 10 миллиард теңге көлеміндегі кезекті траншты алу рәсімін бастады, оны келесі айда аяқтау жоспарланып отыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Жеңілдетілген автокөлік несиесін қаржыландыру бағдарламасы 30 жылға есептелген. Индустрияны дамыту қоры өкілі лимиттер толық игерілгеннен кейін автонесие беру револьвер несиелеу механизмі негізінде жүзеге асырылатынын еске салды.

Айта кетейік, сарапшылардың бағалауынша, 16 мамырда басталған жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 10 мыңға жуық қазақстандық қатыса алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram