24 желтоқсан 2022 | 08:58

Жеңілдетілген автонесие беру қашан қайта басталады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Жеңілдетілген автонесиенің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жеңілдетілген автонесиенің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесие биыл қарашада қайта басталады деп жоспарланған болатын.

Кеше 2023 жылдан бастап барлық қолданыстағы бағдарлама шарттары біркелкі болатыны белгілі болды. Бұл туралы ҚДБ және жеңілдетілген автонесие бағдарламаларының операторы саналатын Кәсіпкерлікті дамыту қоры (КДҚ) хабарлады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта Қазақстанның Даму банкі ұсынған бағдарлама бойынша бір ғана қаражат операторын қалдыру жоспарланған.

"Қазіргі уақытта бағдарламаларға қатысушы екінші деңгейлі банктер қолданыстағы несиелерді өтеу есебінен төлемдерді жинақтайды. Револьверлік механизм негізінде жеңілдетілген несие беру 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысында басталады деп күтіледі", - делінген хабарламада.

ҚДБ мәліметінше, іске қосу күніне екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 миллиард теңге болады, бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлуді ай сайын жүргізу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная