01 ақпан 2023 13:37

Жеңілдетілген автонесие бойынша қандай көліктер алуға болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығы" өкілдері жеңілдетілген несие аясында қандай көліктер қолжетімді болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығы" өкілдері жеңілдетілген несие аясында қандай көліктер қолжетімді болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы бағдарлама шарттары бойынша автоөндірушілер көлікті 60 күнтізбелік күн ішінде жеткізуі керек. Бағдарламаға қатысушы автосалонға келіп, менеджермен қажет модельді, конфигурацияны және түсін талқылайды. Көлік қолда болса, оны банк мақұлдағаннан кейін бірден сатып алады", - деді "Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының" мемлекеттік реттеу жөніндегі директоры Қайрат Еламанов.

Оның айтуынша, көлік алдағы екі айда жеткізілсе, автонесиеге қатысушы оны брондай алады.

Реклама
Реклама

"Көлік жеткізілім жоспарында болмаса, менеджер 60 күн ішінде келетін балама нұсқаны таңдауға көмектеседі.

Бүгінде бағдарлама шарттарына сәйкес келетін 15 миллион теңгеге дейінгі көліктер барлық өндірушіде бар. Мұның бәрі клиенттің қалауына байланысты", - деді Еламанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram