ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2023 | 10:12
Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржы бөліне ме?
Қазақстандағы жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржыландыру бөлінбейді. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдаудан кейін тілшілерге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Склярдың сөзінше, көлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасына тоқталсақ, 188 миллиард теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр.
"Атап айтқанда, елімізде бұл бағдарламаға айтарлықтай сұраныс бар. Әзірге, салынған 188 млрд теңге жеткілікті деп санаймыз. Жақын арада айналымдағы осы қаражатқа қосымша ақша бөлінбейді. Себебі елімізде жүзеге асыратын басқа да маңызды міндеттер бар", - деді Роман Скляр.
Сонымен қатар, ол бұл бағдарлама аясында қаражат айналымда қалатынын айтты.
"Бағдарлама тұрақты негізде іске асырылады. Бірақ оның аясында берілетін несие санына қатысты уәж айтылып жатқаны белгілі. Алдағы уақытта да револьверлік негізде қаржыландыру жалғасады, яғни осы айналымдағы қаражаты басқа мақсаттарға жұмсамаймыз", - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также