03 маусым 2022 | 16:23

Жеңілдікпен автонесиеге өтінім қабылдау қашан басталады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" өкілі жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау тоқтатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" өкілі жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау тоқтатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қордың баспасөз қызметі өкілі жеңілдетілген автонесиені қаржыландыру аясында қор екінші деңгейлі банктерге мына лимиттермен 100 миллиард теңге бөлгенін айтты:

  • "Еуразиялық банк" АҚ - 35 миллиард теңге (1 транш - 15 миллиард теңге, 2 транш - 20 миллиард теңге),
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ - 27,5 миллиард теңге;
  • "Қазақстан Халық банкі" АҚ - 15 миллиард теңге,
  • Forte Bank АҚ - 15 миллиард теңге.
Реклама
Реклама

"Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысушы банктер жалпы сомасы 71 миллиард теңгеге 9575 өтінімді мақұлдады, соның ішінде: "Еуразиялық Банк" АҚ - 15,6 миллиард теңге сомасына, "Банк ЦентрКредит" АҚ - 25,9 миллиард теңге сомасына, "Қазақстан Халық банкі" АҚ - 19,4 миллиард теңге сомасына, Forte Bank АҚ - 9,9 миллиард теңге сомасына. Қазір "Еуразиялық банк" 15 миллиард теңге сомасындағы өтінімдерді мақұлдап, 20 миллиард теңгеге екінші траншты алу рәсімінен өтіп жатыр", - деді қордың баспасөз қызметі өкілі.

"Банк ЦентрКредит" АҚ пен "Қазақстан Халық банкі" АҚ автонесие алуға берілген өтінімдерді мақұлдау арқылы барлық лимитті іс жүзінде игергені айтылды.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ 7,5 миллиард теңге сомасына екінші траншты алу бойынша рәсімдерден өтіп жатыр, Forte Bank автонесие алу үшін өтінімдерді қабылдауды жалғастырып жатыр.

"Келесі аптада қор "Еуразиялық Банк" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға қалған лимиттерін береді, олар осы лимиттер шеңберінде өтінімдерді қабылдауды қайта бастайды", - деп түсіндірді қордың баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная