ПОДЕЛИТЬСЯ
06 мамыр 2022 | 09:13
Жеңіс күні: Қазақстанның әр облысында ҰОС ардагерлері қандай жәрдемақы алады?
Қазақстанда ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай кем дегенде бір миллион теңге алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай кем дегенде бір миллион теңге алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 387 ардагер бар.
Қостанай облысы
Жеңіс күніне орай Қостанай облысында 200 миллион теңгеден аса қаражат бөлінген. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 1 миллион теңгеден төленеді, өңірде 32 ардагер бар.
Концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары мен мүгедек болып қалған әскери қызметшілер 100 мың теңгеден алады, ал қоршаудағы Ленинград тұрғындарына 60 мың теңгеден беріледі. Тыл еңбеккерлері, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері 30 мың теңгеден алады. Бұл көмек 3672 адамға беріледі. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ардагерлерге теңестірілген адамдар 5 АЕК-тен алады, олар - басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері және Чернобыльда болғандар.
Шымкент
Шымкентте Ұлы Отан соғысының ардагерлері де миллион теңгеден алады. Қалада 7 ардагер бар. Материалдық көмек тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ, жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға көрсетіледі.
"Шымкент қаласында тұратын тыл еңбеккерлері 12 АЕК - 36 756 теңге алады. ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 12 АЕК немесе 36 756 теңге бөлінеді. Олар - түрлі жердегі соғыстарға және техногенді апаттарды жоюға қатысқандар (Ауғанстан, тәжік-ауған шекарасы, Таулы Қарабақ, Ирак; Семей полигоны, Чернобыль АЭС). Біздің қаламызда осындай 2165 адам бар. Олар 36 АЕК немесе 110 268 теңге алады", - деді Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкері.
Қарағанды облысы
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне Жеңістің 77 жылдығына орай Қарағанды облысында миллион теңгеден төленеді. 15 сәуірдегі мәлімет бойынша, аймақта 25 ардагер бар.
Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы әскер құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарған концлагерьлердің тұтқындарына, Кеңес әскерінің, әскери-теңіз флотының, бұрынғы КСРО Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскері мен органдарының құрамында болғандарға 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы беріледі. Қоршауда болған Ленинград тұрғындары 60 мың теңгеден алады. ҰОС қаза тапқандардың жесірлері мен әйелдеріне және тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден беріледі.
СҚО
Солтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 77 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының 15 қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген 4514 азамат материалдық жәрдемақы алады.
"9 мамырда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 000 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, оның ішінде тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 30 000-нан 100 000 теңгеге дейін төленеді. 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар 15 315 теңге түрінде көмек алады", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкері.
Қызылорда облысы
Ал Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының 7 ардагері тұрады. Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Жеңістің 77 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 1 миллион 114 мың теңгеден төленеді.
"Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға бір реттік көмек көрсетіледі. Біздің облыста осы санатқа жататын 2867 адам бар. Бұл мақсатқа облыстық және аудандық бюджеттерден 417,3 миллион теңге бөлінді", - деді басқарма қызметкері.
ШҚО
10 754 ардагерге, оларға теңестірілген азаматтарға және еңбек ардагерлеріне берілетін жәрдемақының жалпы сомасы 630 500 мың теңге.
Ал облыс орталығы - Өскеменде 9 мамырға Ұлы Отан соғысының ардагерлері 1,5 миллион теңгеден алады. Бұл туралы қала әкімдігі қызметкері айтты. Ол мұнда майдангер-ардагерлердің 15-і ғана тірі қалғанын атап өтті. Қала әкімшілігі Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, соның ішінде блокадалар, концлагерь тұтқындары мен тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңгеден берілетінін қосты. Қала тұрғындары жәрдемақыны 9 мамырға дейін алады. Сонымен қатар, Өскеменде тұратын 67 тыл еңбеккері санаторлық-курорттық емделуге бара алады.
Алматы облысы
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде Ұлы Отан соғысының 25 ардагері тұрады. Олар 1,5 миллион теңгеден және Алматы облысы әкімінің атынан құттықтау себеттерін алады.
Павлодар облысы
Мұнда Ұлы Отан соғысының ардагерлері басқа өңірлерге қарағанда сәл артық, 2 миллион теңгеден алады. Өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, қазірдің өзінде соғысқа қатысушыларға бір миллион теңгеден беріліп қойған.
Бір реттік материалдық көмектен басқа, олар азық-түлік себеттерін алады. Айта кетейік, Павлодар облысында 18 соғыс ардагері тұрады, ең үлкені 103 жасқа толған. Ол - Ефим Емельянович Петренко. Ең жас ардагер - 94 жастағы Николай Андреевич Ступка.
Жеңіс күні: әр елде ардагерлер қандай жәрдемақы алады?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также