07 мамыр 2023 | 10:13

Жеңіс күні: өзге елдерде ҰОС ардагерлеріне қандай көмек көрсетіледі?

Жеңіс күнін тойлау қарсаңында Қазақстандағы және басқа елдердегі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қандай ақшалай сыйақы төленетіні және төлем сомасы қанша екені есептелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жеңіс күнін тойлау қарсаңында Қазақстандағы және басқа елдердегі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қандай ақшалай сыйақы төленетіні және төлем сомасы қанша екені есептелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан
Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін әлеуметтік төлемдер қазір жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Әр облыс ардагерлерге төленетін төлемдерге жыл сайын қанша қаражат бөлетінін дербес анықтайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, әкімдіктердің ұсынысы бойынша биыл ардагерлерге кемінде 1,5 миллион теңге төленеді.

Реклама
Реклама

Ұлттық банктің 28 сәуірдегі бағамы бойынша Қазақстандағы төлем - 3 288 доллар.

1 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 222 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.

Еңбек министрлігінің айтуынша, әкімдіктер бюджеттік және демеушілі) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік даталарға материалдық көмек, тұрғын үй жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жүру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу, азық-түлік жинақтары түріндегі қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді.

Ресей
Ресейде 2019 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары 9 мамырға дейін 10 мың рубль көлемінде жыл сайынғы төлемақы алады. Елдің бірқатар өңірі ардагерлерге біржолғы төлемдерін өздері белгілейді немесе мемлекеттік төлемдердің мөлшерін ұлғайтады.

Мәселен, Мәскеуде Жеңістің 78 жылдығына орай 50 мыңға жуық мәскеулік ардагерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрыққа қол қойылды. Төлемдер сомасы 10 мыңнан 25 мың рубльге дейін болады. Бұл шамамен 123 - 308 доллар.

Беларусь
Беларусьте биыл ҰОС ардагерлеріне 2000 беларусь рублі көлемінде жәрдемақы беріледі. Бұл шамамен 791 доллар. 1943-1945 жылдары неміс басқыншыларынан азат етілгеннен кейін аумақтар мен нысандарды минадан тазартуға арнайы жасақтарға қатысқандар да дәл осындай сома беріледі.

Өзбекстан
Өзбекстанда соғыс ардагерлері биыл Жеңіс күні құрметіне рекорд төлем алады. Өзбекстан президентінің жарлығына сәйкес соғыстың әрбір қатысушысы мен мүгедегіне 18 миллион сум, яғни шамамен 1565 доллар көлемінде бір реттік ақшалай сыйлық беріледі.

Әзербайжан
2023 жылы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға 1500 манат материалдық көмек төлеуді бұйырды. Бұл 882 доллардан сәл ғана асады.

Қырғызстан

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2023 жылғы 9 мамырға дейін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 100 мың сом көлемінде біржолғы жәрдемақы төлеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл - қазіргі бағам бойынша 1142 доллар.

Тәжікстан

Тәжікстанда төлем мөлшері аймаққа байланысты. Мысалы, Соғды облысында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, тылда еңбек еткен тұлғалар, сондай-ақ, қамқоршысыз қалған әскери қызметшілердің жұбайлары 7 мың сомони, яғни 640 долларға жуық жәрдемақы алады. Аvesta-ның мәліметінше, соғысқа қатысқан және тылда кемінде 6 ай еңбек еткен тұлғаларға 4 мың сомони немесе 365 доллар көлемінде біржолғы ақшалай өтемақы беріледі; мінсіз әскери қызметі мен жанқиярлық еңбегі үшін медальдармен және ордендермен марапатталған адамдар, деп хабарлайды Авеста.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная