ЖЭО-3 қашан іске қосылады? Астана әкімдігі жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Астанада 10 жылдан аса салынып жатқан ЖЭО-3 қашан іске қосылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада 10 жылдан аса салынып жатқан ЖЭО-3 қашан іске қосылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астананың Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы нысанның дайындығы 83 пайыз екенін хабарлады.

"Басқарма Мемлекет басшысының ескертулерін жою, атап айтқанда 2023 жылдың аяғына дейін ЖЭО-3-ті іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Нысанда 255 адам жұмыс істейді. Ыстық су қазандығы, бірінші көтергіштің сорғысы, 110 киловольттық сыртқы тарату құрылғысы, су тазарту қондырғысы, электрофильтрлер және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді қала әкімдігі өкілдері.

Реклама
Реклама

Жобаның жалпы құны 122 миллиард теңге болады, бүгінде оның 95,3 миллиард теңгесі игерілген.

"2023 жылға арналған жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес бірінші кезектегі ЖЭО-3-ті іске қосу 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде уәкілетті органдар жобаны тексеріп жатыр, сондай-ақ жыл сайын уәкілетті органдар осы жобаны тексеру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізді", - дейді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная